Ертеңгі ойын туралы Джон Ван ‘т Схип мырза былай деді: «Ия, қазір олар жақсы ойнап жатыр. Қорғаныс алдында ашық зоналар қалдырмайды. Словакия мен Фарер Аралдарына қарсы өз жақсы деңгейін бұл құрама көрсете алды».
Исламханның ертеңгі ойынға шыға ма деген сұраққа бапкер былай жауап берді: «Иә, біз ертең Молдоваға қарсы толық құраммен шықпай ойнаймыз. Ал Исламхан бірінші ойыннан кейін толықтай өзіне келіп үлгермеді. Ол жаттығуларға қатысты, алайда біз оны тізімге қоспадық. Қазір жаттығуларда өзін жақсы көрсетіп жатыр. Осы бабын сақтаса, ертеңгі тізімге әлбетте ілінеді».





