«Барселонаның» жас жұлдызы «Алтын доп» салтанатынан кейін Instagram парақшасында жүрекжарды сөздермен бөлісті.
«Менің де уақытым келеді. Жақсы нәрсенің бәріне уақыт керек, мен өз жолыма сенемін. Мен асықпаймын, тек өз сәтімді асыға күтемін. Бір күні сол сәттің міндетті түрде келетінін білетіндіктен, көңілім тыныш», — деп жазды Ламин Ямаль.
Ол сондай-ақ жеңімпаздарды құттықтап, енді бар назарын шынымен маңызды нәрсеге — «Барселонаға» қайтадан жеңіс сыйлауға бағыттайтынын атап өтті.



