Англия Лига кубогында сенсация орын алды. 90 минуттық ойын 1:1 есебімен аяқталып, матчтың тағдырын пенальтилер сериясы шешті. Серияда табысқа жеткен «Флитвуд» жарыстан «Арсеналды» шығарып, кубок тарихындағы ең сенсациялық нәтижелердің бірін тіркеді.
Айта кетейік, «Флитвуд» ұлттық чемпионатта 18-орында тұр, ал қарсыластары — Англия Премьер-лигасының қазіргі чемпионы.




