«Тараз» клубының бұрынғы директоры Дидар Сыдықбек бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның пайымдауынша, мұндай өзгеріс матчтар санының ұлғаюына әкеледі, ал көбірек футболшы көпшілік назарына ілігеді.
«Естіп, қатты қуанған инсайдым. ҚПЛ-дегі командалар санын 18-ге дейін арттырғысы келеді. Менің ойымша, бұл — футбол жанкүйерлері үшін керемет жаңалық. Матчтар саны артады, көбірек футболшы көпшілік назарына ілігеді. Жасасын Қазақ Футболы», — деді Дидар Сыдықбек.




