← Барлық жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы матчқа құрам жариялады

Бас бапкер Какау футзалдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы сырт алаңдағы матчқа арналған шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. Іріктеудің екінші турында құраманың қарсыласы — Беларусь құрамасы.

Қыркүйек айындағы құраммен салыстырғанда тізімде жалғыз өзгеріс бар: Ержан Карменовтың орнына Дамир Қайырбай шақырылды.

Ойыншылар Словакияның Гуменне қаласында бүгін басталатын бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын аяқталғаннан кейін, 10 қараша күні, құрама Беларусь құрамасымен кездесуге шығады.

Тақырып бойынша