Қазақстан Премьер лигасы 2026 жылғы қорытынды бойынша жеке номинациялардың жеңімпаздарын атады.
Үздік қақпашы — Бекхан Шайзада, үздік қорғаушы — Александр Мартынович, үздік жартылай қорғаушы — Иван Башич.
Бьорн Йонсен үш номинацияда жеңімпаз атанды: лиганың үздік шабуылшысы, үздік сұрмергені және 2026 жылдың үздік ойыншысы.
Жасұлан Әмір екі марапатқа ие болды: ол 2026 жылдың үздік жас ойыншысы және жыл серпілісі деп танылды.
Жылдың үздік бас бапкері — Андрей Мартин.




