← Барлық жаңалықтар

Сергей Кан ҚФФ атқару комитетіне кіреді

Сергей Кан ҚФФ атқару комитетіне кіреді

Петропавлдың «Қызылжар» клубының иесі Сергей Кан Қазақстан футбол федерациясының атқару комитетінде Нұрсұлтан Құрманның орнын басады. Құрман өз еркімен қызметінен кетеді.

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Құрман ұлттық құраманың жұмысына басымдық беруді жоспарлап отыр. Forbes рейтингінде 58 жастағы Сергей Кан Қазақстанның ең бай бизнесмендері арасында 23-орында тұр.

Осылайша, ҚФФ атқару комитетіндегі Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев және Михаил Ломтадзеге Сергей Кан қосылмақ.

Тақырып бойынша