← Барлық жаңалықтар

Марк Гуаль «Панатинаикостен» жеңілістен кейін: Біз әлдеқайда жақсы ойнай алар едік

Марк Гуаль «Панатинаикостен» жеңілістен кейін: Біз әлдеқайда жақсы ойнай алар едік

«Қайрат» Конференция лигасының екінші турында «Панатинаикостен» жеңілді. Матчтан кейін клуб шабуылшысы Марк Гуаль ойын туралы пікір білдірді.

«Менің көңілім толмайды. Біз жеңілдік. Менің ойымша, біз бұдан әлдеқайда жақсы ойнай алар едік», — деді ол.

Гуаль қарсыластың деңгейіне де тоқталды.

«Олардың деңгейі жоғары болды. Олар қақпаға әр соққы жасаған сайын гол соқты. Біз олай жасай алмадық. Бүгін олардың қандай сапалы команда екенін көрдік», — деп толықтырды футболшы.

Тақырып бойынша