← Барлық жаңалықтар

ҚПЛ клубтарының жағдайы неге нашарлап барады?

ҚПЛ клубтарының жағдайы неге нашарлап барады?

Қазақстан Премьер-лигасының бірқатар клубтарында жағдай қиын.

«Астана» — ойыншыларға жалақы берілмеген. Ақпарат бойынша, футболшылар алаңға шығудан бас тартып жатыр.

«Ақтөбе» — жанкүйерлер мен клуб басшылығы, басшылық пен ойыншылар арасында конфликт бар. Маусым басындағы мақсат чемпиондық болса, қазір еурокубоктағы орын бұйырмауы мүмкін.

«Қайсар» — команда ішінде жағдай ушығып тұр. Ойыншылар бір-бірімен жаға жыртысты. Бапкер жоқ, клуб соңғы орында келеді.

«Жетісу» — қаржы мәселесі бар. Клуб басшылығы журналистерге нақты жауап беруден қашқақтап жүр. Команда төменгі лигаға ұшу алдында тұр.

«Каспий», «Ертіс», «Алтай» — бұл клубтарда да қаржылық мәселелер бар. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, ойыншылар мен қызметкерлерге жалақы төленбеген.

«Тараз» — ҚПЛ-ға қайта оралады деген үміт болғанымен, күн өткен сайын жағдайы қиындап барады. Талантқа толы Тараз Бірінші лигада турнирлік кестеде 7-орында келеді.

ҚПЛ-дың сыртқы көрінісі бір бөлек, ішкі жағдайы бір бөлек. Бір қарағанда, әр клубтағы мәселе әртүрлі. Бірақ бәрінің түбі бір жерге келіп тіреледі — қаржы, менеджмент және клубты басқару мәселесі. Сонда сұрақ пайда болады: Қазақстанда мықты, білікті менеджерлер жетіспейді ме, әлде мәселе басқада ма?

Тақырып бойынша