15 жасар «Астана» футболшысы Ануар Төленді Бірінші лигадағы дебюттік матчында покер жасап, осы маусымның басты жас таланттарының біріне айналды. Оның активінде 13 матчта соғылған 7 гол бар.
Соңғы екі ойында ол негізгі құрамның тізіміне енгенімен, алаңға шықпады. Астаналық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жас ойыншының алдағы екі турда ҚПЛ-де дебют жасау мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Бұл жігіт жақсы жұмыс істейді, маған қатты ұнайды. 15 жасында-ақ белгілі бір деңгей көрсетіп жүр. Бірінші лигада ойнап, гол соғуы да үлкен плюс. Оның болашағы зор деп ойлаймын. Біз клубта оған келесі маңызды қадамды жасауға көмектесуіміз керек. Ал алаңға шыға ма, жоқ па, ол басқа мәселе», — деді Бабаян.





