Финалда ҚПЛ көшбасшысы «Ордабасы» чемпионатта соңғы орында тұрған «Қайсар» клубымен кездеседі. Матч алаңы ретінде Түркістандағы «Түркістан-Аренаны» қарастырып отыр, бұл мәселе әлеуметтік желіде талқылануда.
Алайда жеткен ақпаратқа сәйкес, екі клубтың басшылығы финал өтетін стадионды өзгертпеу туралы өтінішпен федерацияға хат жолдамақ. Қызылордалық жанкүйерлердің бір бөлігі билет алып қойған, ал «Ордабасы» маусымды Астанадағы 30 мың орындық стадионда шоу ұйымдастырып аяқтағысы келеді.
Соңғы шешімді федерация қабылдайды.






