← Барлық жаңалықтар

«Қайсарды» Болгариядан келген маман Стаанимен Белчев жаттықтыруы мүмкін

«Қайсарды» Болгариядан келген маман Стаанимен Белчев жаттықтыруы мүмкін

Қызылордалық «Қайсар» клубын Еуропадан келген маман жаттықтыруы мүмкін. Бізге жеткен мәлімет бойынша, клубтың жаңа бас бапкері қызметіне екі маман қарастырылуда, оның бірі — Болгариядан келген маман Стаанимен Белчев.

Ақпаратқа сәйкес, 57 жастағы маман жақын күндері Қазақстанға келіп, «Қайсармен» келісімшартқа қол қойып, БАҚ өкілдеріне ресми таныстырылады.

Белчев жаттықтырушылық мансабында Болгарияның «Любимец», «Хасково», «Литекс» (Ловеч), ЦСКА (София) және «Арда» (Кырджали) клубтарында жұмыс істеген.

Тақырып бойынша