Белгілі спорт журналисі Елдар Аманбаев Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының бірін басқаруы мүмкін.
Біздің ақпарат бойынша, маманға екі клубтан ұсыныс түскен. Олардың бірі — Қызылорда қаласының «Қайсар» клубы. Аманбаев жаңа қызметке қатысты түпкілікті шешімді қазіргі маусым аяқталғаннан кейін қабылдауы мүмкін.
Айта кетейік, Елдар Аманбаев бұған дейін маусым басында «Атырау» клубында уақытша қызмет атқарған және трансферлеріне жауап берген.






