Осыған дейін Андрей Ферапонтовтың көмекшісі болған Дмитрий Карповқа үш матчқа дейін мүмкіндік берілетіні айтылған еді. Алайда кеше «Алтайдан» 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін бізге жеткен ақпарат бойынша, клуб басшылығы шешімін өзгертіп, командаға жаңа бас бапкер әкелуге шешім қабылдаған.
Жаңа маман келесі турдағы «Атырауға» қарсы ойынға дейін команда тізгінін ұстауы керек. Бұл кездесу 12 қыркүйекте Қызылордада өтеді.
Енді басты сұрақ: «Қайсардың» жаңа бапкері кім болады?






