← Барлық жаңалықтар

«Қайсар» бапкерсіз қалды: әзірге команданы Дмитрий Карпов басқарып тұр

«Қайсар» бапкерсіз қалды: әзірге команданы Дмитрий Карпов басқарып тұр

«Қайсар» маусымның соңғы бөлігінде және Кубок финалы алдында бапкерсіз қалды. Әлеуметтік желіде түрлі мамандар аталып жатқанымен, әзірге команданың тізгінінде Дмитрий Карпов тұр.

Карпов — «Оқжетпес» пен «Қызылжардың» бұрынғы қорғаушысы, Көкшетау тумасы. Бапкерлік мансабын 2015 жылы бастап, «Жетісу», «Сочи» және «Оқжетпес» клубтарында жұмыс істеген. 2024 жылдан бері Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлік штабында.

2023 жылы Андрей Ферапонтовтың бапкерлік штабына қосылып, өткен жылға дейін «Оқжетпесте», биыл «Қайсарда» жұмыс істеді.

Ең бастысы, Карповта UEFA Pro лицензиясы бар. Енді өзін көрсетуге нағыз мүмкіндік туған секілді. Қалай ойлайсыздар, Карпов «Қайсарды» өрге сүйрей ала ма?

Тақырып бойынша