Ойва Юккола баспасөз конференциясында Аталантаға қарсы ойынға дайындық барысы туралы айтты.
«Бүгін біз осы конференциядан кейін жаттығу жасаймыз, ал ертең біз ойнаймыз. Бұл біз үшін жақсы тәжірибе болады деп үміттенеміз, тек тәжірибе ғана емес, біз ұпай да алуымыз керек. Тіпті бір ұпайдың өзі керемет болар еді», — деді ол.
Футболшы бұл нәтижеге қол жеткізу үшін команда 100 пайыз барымызды салуы керек екенін білетінін атап өтті. Алайда оның ойынша, «Қайраттың» күресуге мүмкіндігі бар.






