Испания футболының басшылары Қытай нарығынан айырылып қалудан алаңдауда. Diario AS басылымының мәліметінше, Килиан Мбаппеге қатысты жанжал Қытаймен арадағы шиеленісті күшейтсе, Ла Лиганың табысы төмендеуі мүмкін. Қазір ықтимал шығынды азайтып, клубтардың мүдделерін қорғау жолдары талқыланып жатыр. Алаңдаушылықтың себебі — НБА тәжірибесі: Қытайдағы жанжалдан кейін лига бірнеше жыл бойы осы нарықтың бір бөлігінен айырылған еді.
Мбаппе жанжалы Ла Лиганың Қытайдағы табысына нұқсан келтіруі мүмкін





