«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян «Қайратпен» 1:0 есебімен өткен матчтан кейін Рафаэль Уразбахтиннің сөзіне қатысты пікір білдірді.
Бабаян әріптестерін әдетте сынамайтынын айтып, Уразбахтиннің соңғы баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне таңғалғанын жеткізді.
«Ол үлкен футболда екі жыл ғана жүр және көп нәрсені түсінбейді. Бұлай істеу үшін ақылдан қалай адасу керек?» — деді ол.
Сонымен қатар Бабаян 2024 жылы «Қайраттың» «Астанаға» стадион мен киім ауыстыратын бөлме бермегенін айтты. Сондай-ақ «Астана» «Браннмен» еурокубок ойынына байланысты кездесуді бір күнге шегеруді сұрағанын еске салды.





