← Барлық жаңалықтар

Бабаян «Астанадағы» қаржылық мәселелер туралы: Бәрі ертең шешіледі

Бабаян «Астанадағы» қаржылық мәселелер туралы: Бәрі ертең шешіледі

«Астананың» тағдыры ертең шешіледі. Клубтың бас бапкері Григорий Бабаян клубтағы қаржылық мәселелер жайлы пікірін білдірді.

Бұған дейін клубтағы қаржылық мәселелер мен бірнеше ай бойы жалақы төленбегені туралы ақпарат тараған еді. Ойыншылар 7 қыркүйекке дейін мәселені шешпесе, жаттығулар мен матчтарға қатысудан бас тартуға және шектен тыс шараларға баруға дайын екенін хабарлаған.

«Белгілі бір келісімдер бар. Біз бәріміз ертеңгі күнді күтіп отырмыз. Қазір ештеңе айта алмаймын. Бәрі ертең шешіледі», – деді Бабаян.

Тақырып бойынша