← Барлық жаңалықтар

Бабаян: «Астана» инвестор шешімін әлі күтіп отыр

Бабаян: «Астана» инвестор шешімін әлі күтіп отыр

«Біз әлі де шешімді күтіп отырмыз. Барлығы белгісіз, жоғары жақта не болып жатқанын нақты білмейміз. Бұл мәселе тым ұзаққа созылып кетті. «Астана» қарапайым команда емес, оған тиісті деңгейде көңіл бөлінуі керек», — деді Григорий Бабаян.

Бапкердің айтуынша, маусымның аяқталуына екі аптадай уақыт қалды және клубқа қазір нақты шешім қажет. Алда қысқы оқу-жаттығу жиындарын жоспарлап, команданың құрамын жасақтау тұр. Бабаян желтоқсанда «Астана Аренада» жиын өткізгісі келетінін айтты. Специалист екі ай бойы ұзақ үзіліс жасағылары келмейтіндерін атап өтіп, инвестор мәселесінің тезірек шешілгенін күтетіндерін мәлімдеді.

Тақырып бойынша