«Атырау» толық құраммен Түркістаннан туған қаласына оралды. Бұған дейін клуб басшылығы маусымның қалған үй матчтарын «Судоремонтник» стадионында өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
«Атырау» өз алаңында екі матч өткізуі мүмкін: 14-турдан кейінге шегерілген «Елімайға» қарсы кездесу және 29-турдағы «Ертіспен» ойын. Енді соңғы шешімді ҚФФ комиссиясы қабылдайды.






