← Барлық жаңалықтар

«Астана» футзал клубы Қазақстан кубогынан бас тартты

«Астана» футзал клубы Қазақстан кубогынан бас тартты

«Астана» футзал клубы Қазақстан кубогының 1-турына қатысып, кейін қаржылық жағдайға байланысты 2 және 3-турларда ойнамайтынын мәлімдеді.

Ой авторының пікірінше, турнирге қатысып, бір турдан кейін жарысты тастап кету қалған командаларға да, жалпы футзалға да деген құрметсіздік. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақал бар. Тіпті әуесқой деңгейдегі турнирлерде де мұндай жағдайға айыппұл салып, командаларды бірнеше жылға жарыстардан шеттететін жағдайлар кездеседі.

Клуб басшылығы, өз кезегінде, жақын арада қаржылық мәселелерді реттеп, команданың алдағы Суперлига чемпионатына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтады.

Қазақстан кубогы — ҚФФ өткізетін ресми турнир. Сондықтан «Астана» екі матчты ғана өткізіп жіберді деп техникалық жеңіліспен құтыла салмауы керек деген пікір айтылды. ҚФФ бұл мәселеге қатаң баға беруі тиіс шығар. Бүгін Кубоктан бас тартқан клуб ертең Суперлиганың бір турында қаржы болмай қалса, тағы жарыстан шет қалады ма?

Тақырып бойынша