Қазақстандық шабуылшы Шахмұрат Дәулетов «Генктің» негізгі командасы сапында дебют жасады.
17 жастағы футболшы «Фортунаға» қарсы жолдастық матчта алғаш рет алаңға шықты. Ол ойынның 87-минутында қосылды.
Бұған дейін Дәулетов «Аякс» U-19 командасына қарсы матчта гол соғып, көзге түскен еді.
Еуропадағы мансабынан не күте аламыз?





