Жорже Жезуш Криштиану Роналдудың құрамаға оралуы туралы пікір білдірді.
«Криштиану Роналду – Португалия тарихындағы ең көрнекті тұлғалардың бірі болып қала береді. Халықаралық мансабын аяқтайтын күні ол көрсеткен еңбегіне лайықты қоштасуға ие болуы керек: құрметпен әрі лайықты жағдайда. Бәрі әлі де ашық. Криштиану өзінің болашағын өзі шешуі керек, бұл тек маған байланысты емес. Бұл жай ғана түсініспеушілік болды. Меніңше, оны шешу қиын емес», – деді Жезуш.





