Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады.
Президент «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.





