«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор Испания чемпионатындағы төрт ойынға қатыса алмайды. Бразилиялық футболшы «Вильярреалға» қарсы матчта қарсыласының шашынан тартқаны үшін екі ойынға, ал төрешіге қарсылық білдіргені үшін тағы екі ойынға шеттетілді. Осылайша Винисиус «Барселонаға» қарсы матчта алаңға шықпайды.
Винисиус төрт ойынға шеттетілді және «Барселонаға» қарсы ойнамайды





