← Барлық жаңалықтар

Тимур Турлов: Қарағандыда 16 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы салынады

Қарағандыда жаңа заманауи футбол стадионы салына ма? Бұл сұраққа «Шахтер» футбол клубының иесі Тимур Турлов жауап берді.

«Қазір біздің академияда кемінде 6,5 мың орынға арналған таза футбол стадионы болады. Бұл — жастар командамыз үшін маңызды нысан. Ал академиямыздың жанында әкімдік 16 мың көрерменге арналған үлкен жаңа футбол стадионын салуды жоспарлап отыр. Оның ең басты ерекшелігі — жылжымалы шатыры болады.

Біз бұл жобаға міндетті түрде қатысамыз. Бұл — Қарағанды футболы үшін алдағы онжылдықтарға жасалған үлкен қадам», — деді ол.

Тақырып бойынша