← Барлық жаңалықтар

Талғат Байсуфинов ҚПЛ-дегі әділетсіздік туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Талғат Байсуфинов ҚПЛ-дегі әділетсіздік туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді

Байсуфиновтың айтуынша, оның тағайындалуынан кейін түрлі өсек-аяң көбейген: біреулер футболда бәрі сатылып кеткен деп пікір айтады, алайда бұл шындыққа сай емес.

«Кейде жеңіске жетудің өзінен қорқасың. Тағайындалуымнан кейін түрлі өсек-аяң көбейді. Біреулер футболда бәрі сатылып кеткен деген пікір айтады. Бірақ шын мәнінде олай емес. Жігіттер барын салды, ал нәтиже — алаңдағы еңбектің көрінісі», – деді Байсуфинов.

Оның пайымдауынша, мұндай әңгімелер командаға психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді. Жеке реніш болса, өзіне хабарласып, ашық сөйлесуге болады, бірақ команданы, өңірді және футболды дамытуға қаржы салып жүрген адамдарды жараламау керек.

«Футболға жаңа инвесторлар келіп жатыр. Негізсіз қауесеттер олардың да сеніміне әсер етуі мүмкін. Біз футболдың дамуына үлес қосып жүрген адамдарды қолдауымыз керек», – деп толықтырды ол.

Тақырып бойынша