← Барлық жаңалықтар

Айдын Қожахмет команданың адал ойынына күмән келтіргендерді «клоундар» деп атады

Айдын Қожахмет команданың адал ойынына күмән келтіргендерді «клоундар» деп атады

ҚПЛ аяқталды. Маусым қорытындыланып жатқан кезде «Жеңіс» клубының атқарушы директоры Айдын Қожахмет команданың адал ойынына күмән келтіргендерге қатысты өткір мәлімдеме жасады. Ол матчты букмекерлік кеңседен алып тастағандар мен жеңісті дұрыс бағаламағандарға да арнайы үндеу жолдады.

«Матчымызды букмекерлік кеңседен алып тастағандарға және жеңісімізді дұрыс бағаламағандарға үлкен сәлем! Сондай-ақ бүгін алаңда барын салмайды деп мәлімдеген КЛОУНДАРҒА жалынды сәлем жолдаймын. Баршаңызды чемпионаттың аяқталуымен құттықтаймын!» – деді ол.

Тақырып бойынша