ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының Астанада өтуі Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты.
Оның сөзінше, әлемнің үздік клубтары қатысатын матч елге шетелдік жанкүйерлер мен қонақтарды тартып, экономика мен туризмге оң әсер етеді.
Сонымен қатар бұл қазақстандық футболды халықаралық деңгейде танытып, елдің әлемдік футбол картасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.






