«Барселона» шабуылшысы Рафинья Ла Лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды. Бразилиялық футболшы бұл жүлдені екінші ай қатарынан иеленді.
Қыркүйекте Рафинья 4 матчта 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. «Расинг» пен «Севильяға» қарсы ойындарда хет-трик жасады.





