Бізге жеткен ақпарат бойынша, ҚФФ келесі маусымдағы трансляциялар бойынша итальяндық компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр.
Егер тараптар келісімге келіп, келісімшартқа қол қойса, келесі жылдан бастап ҚПЛ матчтарының трансляциясы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.
Айта кетейік, соңғы екі жылда ҚПЛ трансляцияларына қазақстандық BAS PRO компаниясы жауапты болды.






