QJ лигасының басты таланты қайда? Глеб Макридов – өткен маусымдағы QJ лигасының үздік сұрмергені әрі үздік ойыншысы. Қарағандылық талант туралы Қазақстан футболының көптеген пабликтері жазды. Ал наурыз айында ол «Атлетико Мадрид» академиясында тағылымдамадан өтіп, тағы да көпшіліктің назарына түсті. Алайда содан бері 5 айдан астам уақыт өтті. Глеб туралы медиа кеңістікте үнсіздік. Осы аралықта ол «Шахтердің» дубль құрамында Екінші лигада 18 матч өткізіп, 4 гол және 2 ассист тіркеді. Ойыншыға 4 айдан кейін 20 жас толады. Бірақ әлі күнге дейін «Шахтердің» негізгі құрамында ойнаған жоқ. Оның үстіне клуб биыл жас таланттарға мүмкіндік беретінін айтқан еді. Физикалық көрсеткіштері де жақсы деңгейде. Бұл кезекті «перехайп» болған ойыншы ма, әлде мансабындағы уақытша бір қадам артқа шегіну ме?
QJ лигасының жұлдызы Глеб Макридов неге «Шахтерде» көрінбейді?





