«Барселона» президенті Мбаппе мен Винисиусты бір қорадағы екі әтешке теңеді.
— Бір қорада екі әтеш қатар өмір сүргенін қашан көрдіңдер? Бұл ешқашан нәтиже бермейді! — деді Лапорта.
Лапортаның пікірінше, «Реал» жеке жұлдыздарға және даңқты трансферлерге басымдық берді. Алайда соңғы екі жылда ештеңе ұта алмады.





