← Барлық жаңалықтар

Ислам Чесноков Ресей кубогының матчына қатыспады — себебі әзірге белгісіз

Ислам Чесноков Ресей кубогының матчына қатыспады — себебі әзірге белгісіз

Кеше Ресей кубогы аясында өткен матчта отандасымыз Ислам Чесноков негізгі құрамда да, қосалқы құрамда да орын алмады. Сонымен қатар, футболшы самаралық клубтың матчқа өтініміне де енгізілмеген. Оның не себепті ойынға қатыспағаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Ресей чемпионатындағы «Ахматқа» қарсы кездесуде Ислам Чесноков 46-минутта алаңға шығып, 76-минутта ойыннан кеткен еді.

Енді футболшының қазіргі жағдайына қатысты клубтың ресми ақпаратын күту қалды. Бәрі жақсы болып, Ислам алдағы ұлттық құраманың маңызды матчтарында көмектеседі деп күтеміз.

Тақырып бойынша