Белгілі комментатор әрі спорт журналисті Ермұхамед Мәулен келесі жылы «Тараз» клубының президенті болуы мүмкін екенін айтты. Мәулен команданың соңғы жылдардағы құлдырауына біліксіз басшылық себеп болғанын атап өтті. Оның сөзінше, клубтың шамамен 530 млн теңге қарызы бар. «Үш жыл болды, «Тараз» ҚПЛ-ға оралады деп күтуден шаршадым. Келесі жылы өзім барамын. Бірнеше ірі инвестормен сөйлестім, оның ішінде «Ордабасы» президенті Дархан Қызайбай да бар. Қарызды жауып, Тараздан шыққан бірнеше ойыншыны шақырсақ, клубтың ҚПЛ-ға оралуы оңай», – деді Мәулен.
Ермұхамед Мәулен «Тараз» клубының президенті болуы мүмкін






