Джон ван ’т Шкип ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғалы бері ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.
«Матчтарды көріп, көптеген футболшыны зерттедік. Алдағы оқу-жаттығу жиынына арналған презентацияларды, командалық жиындарда көрсетілетін материалдарды дайындап, жаттығу сабақтарының жоспарын құрып жатырмыз. Сондай-ақ бапкерлер штабының мүшелеріне командадан қандай футбол көргім келетінін түсіндіріп жатырмын», – деді ол.
Сонымен қоса бас бапкер уақыттың тым аз екенін айтып, өте қысқа мерзімде мықты әрі ұйымшыл команда құруы керек екенін атап өтті.





