← Барлық жаңалықтар

Джон ван ’т Шкип: «Мақсатымыз өзгерген жоқ — топта бірінші болу»

Джон ван ’т Шкип: «Мақсатымыз өзгерген жоқ — топта бірінші болу»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип Фарер аралдарымен болған 1:1 есебіндегі тең ойыннан кейін матчқа баға берді.

«Есепті теңестіргеннен кейін допқа көбірек ие болып, ойынды бақыладық. Алға ұмтылып ойнадық. Мүмкіндіктеріміз болды, Ян гол соғуы мүмкін еді. Бірақ есеп 1:1 болып қалды.

Фарер аралдарында кез келген құрамаға ойнау өте қиын. Сондықтан бүгінгі нәтижені әділ деп санаймын. Алғашқы қиын сырт алаңдағы матчтан бір ұпай алу — жақсы нәтиже».

Тақырып бойынша