Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны Бауыржан Исламхан атанды.
«Бапкерлік штабқа мені қайта шақырғаны үшін алғыс айтамын. Былтыр жарақатым көп болды, сол кезде ұлттық құрамаға оралуды қатты қалағанымды айтқан едім. Капитандыққа келер болсақ, мен құрамаға енді ғана қосылдым, бұл жайлы бапкерлік штабпен көп сөйлестік. Нұралы Әліп маған құрмет көрсетіп, ағалығымды сыйлады. Бапкер осы шешімді қабылдады» — деді Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны.






