«Барселона» президенті Жоан Лапорта Мессиге арналған арнайы қоштасу кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
«Біз Мессиге стадион толық дайын болған кезде құрмет көрсетуге ниеттіміз. Бұл өте әдемі шара болады. «Камп Ноу» 2028 жылдың жазында толық аяқталады деп күтіп отырмыз. Сол кезде стадионға шамамен 105 мың көрермен сыяды. Мессиге арналған шараны да сол уақытта өткізгіміз келеді», — деді Лапорта.
Лапортаның айтуынша, шара Мессидің келісімімен өтеді.





