← Барлық жаңалықтар

Азамат Тұяқбаев Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы матчын өткізіп алады

Азамат Тұяқбаев Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы матчын өткізіп алады

«Қайрат» жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матчына қатыспайды.

U19 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Ирландияға қарсы соңғы матчта 19 жастағы футболшы қызыл қағаз алған болатын. Белгілі болғандай, дисквалификация Ұлттар лигасындағы ойындарға да таралады.

Осылайша, жас жартылай қорғаушы Джон ван ’т Схип басшылығындағы Қазақстан құрамасының алғашқы матчын өткізіп алады.

Тақырып бойынша