Ақтау қаласында UEFA стандарттарына сай стадион құрылысы басталды. 10 000 көрерменге арналған жаңа көпфункционалды арена UEFA-ның 4-санатына ие болады.
Ауқымды спорт кешенінің құрамына өз жатақханасы бар футбол академиясы, трибунасы бар екі жаттығу алаңы, сондай-ақ спорт залдары, медициналық және қалпына келтіру блоктары кіреді.
Жоба Ақтауға халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.





