← Барлық жаңалықтар

Ван ’т Шкип — Словакия матчы туралы: Жігіттерге алаңдағы бар күшін салғаны үшін алғыс айтамын

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип Ұлттар лигасының Словакияға қарсы өткен матч туралы пікірін айтты.

«Топтағы ең мықты әрі өз алаңында ойнаған қарсыласқа қарсы жақсы өнер көрсеттік. Бірінші голды концентрацияны жоғалтып алып жібердік, кейін Рамазан Кәрімовтың әдемі голымен есепті теңестірдік.

Екінші таймда Мрынскийді шығарып, қорғанысқа көмектесіп, оң қанат арқылы шабуылды жылдамдатуды көздедік. Екінші голға дейін Александр Мрынский мен Рамазан Оразовта жақсы мүмкіндіктер болды.

Өкінішке қарай, екінші голды Словакия соқты. Жігіттерге ойындары мен алаңдағы бар күшін салғаны үшін алғыс айтамын. Бастапқы құрамда біздің лигада ойнайтын 9 футболшы болды.

Бауыржан Исламхан келесі матчқа дайындықты бастауға дайын болады.

Стас Покатилов екі матчты да жақсы өткізді. Осы ойындарға талдау жасап, келесі матчтағы қақпашы бойынша шешім қабылдаймыз».

Тақырып бойынша