Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Фарер аралдарымен 2:2 есебіндегі тең ойыннан кейін пікір білдірді.
«Құдайға шүкір, жеңілмедік. Әрине, біз жеңіске жеткіміз келді. Бірақ қазір ойыншылар қателесуден қорқып, тәуекелге барғысы келмейді».
Айта кетсек, Малый кешегі ойында ұлттық құрама сапындағы 77-ші ойынын өткізіп, рекорд жаңартты.
Ойыншылардың өзі тең есепке қуанып тұрса, бізге жеңіске не жетіспейді?






