Қазақстан Премьер лигасындағы легионерлер географиясы көптеген елдерді қамтиды. Статистикаға сүйенсек, ең көп өкілдік Бразилия мен Сербияға тиесілі — әрқайсысынан 16 ойыншы ойнайды. Беларусьтен 15, Хорватиядан 13, Украинадан 12 ойыншы бар. Португалия мен Ресейден лигада 7 ойыншыдан, Гана, Грузия мен Нигериядан 6 ойыншыдан ұсынылған. Франция — 5, Испания — 4 ойыншымен көрінеді. Черногория, Босния, Македония, Жапония және Камеруннан 3 ойыншыдан, ал Молдова, Өзбекстан, Колумбия, Кот-д'Ивуар, Финляндия және Венесуэладан 2 ойыншыдан бар.
Аргентина, Англия, Бельгия, Норвегия, Словения, Словакия, Албания, Литва, Румыния, Болгария, Фарер аралдары, Никарагуа, Того, Сенегал, Гвинея-Бисау, Марокко, Алжир, Нигер, Канада, Түркия және Израильден лигада бір ойыншыдан ойнайды.
Барлығы Қазақстан Премьер лигасында 150-ден астам легионер және 256 қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді.






