← Барлық жаңалықтар

Қазақстан кубогы финалына төрешілер белгілі болды: «Ордабасы» – «Қайсар»

Қазақстан кубогы финалына төрешілер белгілі болды: «Ордабасы» – «Қайсар»

Бас төреші ретінде Оралдан келген Болат Сәриев тағайындалды. Бас төрешінің көмекшілері болып Ақтөбеден Юрий Тихонюк пен Павлодардан Дмитрий Белоградов бекітілді. Қосалқы төреші — Өскеменнен Александр Затула.

Видео көмекші төреші (VAR) рөлін Астанадан Саят Қарабаев атқарады, ал AVAR қызметін Тараздан Бағдат Абдоллаев орындайды.

2026 жылғы маусымдағы Қазақстан кубогының финалдық матчы 7 қараша, сенбі күні «Ордабасы» мен «Қайсар» командаларының арасында өтеді.

Тақырып бойынша