«Ахмат» және Қазақстан ұлттық құрамасының басты ойыншыларының бірі Максим Самородов Фарер Аралдарына қарсы ойыннан кейін өз пікірін білдіріп, жанкүйерлерге үндеу жасады.
«Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадық. Бірақ есепті теңестірдік. Бізді қолдауды тоқтатпаңыздар. Сәл ғана уақыт керек, бәрі жақсы болады», – деді Самородов.
Мүмкін, кішкене сабырлық танытып, ойыншы жақын арада ұлттық құрамада жеңістерімен қуанта бастар.






